Оқиғаларды таңдаудан жою

Оқиғаларды таңдаудан жою үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Тораптың жұмыс аймағында Оқиғалар қойыншасын таңдаңыз.
  3. Тінтуірді және SHIFT не CTRL пернелерін пайдалану арқылы жою қажет оқиғаларды таңдаңыз.
  4. Таңдалған оқиғаларды келесі тәсілдердің бірімен жойыңыз:
    • Бөлектелген оқиғалардың кез келгенінің контекстік мәзірінен Жою тармағын таңдаңыз.

      Барлығын жою контекстік мәзір элементін таңдағанда, қайсысын жою үшін алдын ала таңдағаныңызға қарамастан, таңдаудан барлық көрсетілетін оқиғалар жойылады.

    • Егер бір оқиға таңдалса, Оқиғаны жою сілтемесі бойынша немесе таңдалған оқиғалармен жұмыс блогында бірнеше оқиға таңдалса, Оқиғалар жойылуда сілтемесі бойынша.

Нәтижесінде, таңдалған оқиғалар жойылады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Мониторинг және есептер

Басына оралу